Астаналық отбасы ұрыс кезінде қымбат техникаларды терезеден лақтырып жіберді

Oinet.kz 04-07-2023 1583

Астаналық қыз жігітімен ұрысу кезінде терезеден қымбат техникаларды лақтырып жіберді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Куәгерлер түсірген видеода ноутбук, монитор, сымдар, түрлі техникалық аксессуарлардың терезеден жерге құлағанын көруге болады. Әйел адамның айқайлағаны естіледі.

Оқиға орнына медициналық бригада, ТЖД қызметі және полиция келді.

Астана қаласының полиция департаменті 3 шілдеде 102-арнаға тұрғын үйдің жоғарғы қабатының терезесінен тұрмыстық заттар лақтырылып, мейрамхананың мүлкіне зиян келтірілгені туралы хабарлама келіп түскенін растады.

Бұл факт бойынша 25 жастағы қыз анықталып, тексеруден кейін қалалық психикалық денсаулық орталығының жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Медициналық тексеруден кейін құқықтық баға беріледі, - делінген хабарламада.

Лифтте оқушы қызға азғындық жасап, көңіл көтеруге шақырған қарағандылыққа қатысты іс тоқтатылды
Әнші Роза Рымбаева шекарадан өте алмады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу