Исабеков Алтынбек Сәрсенбайұлы мен Заманбек Нұрқаділов қандай қателік жібергенін айтты

Oinet.kz 10-01-2024 6280

Танымал жазушы Дулат Исабеков Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбаев туралы ойын айтты. Бұл туралы ол "Адал адам" Youtube-арнасына берген сұхбатында бөлісті.

yyc.jpg

"Алғаш кезде Алтынбек Сәрсенбаевты жұрт "серый кардинал" деді. "Назарбаевтың оң қолы, рупор" деді. Алтынбек сондай сынға ұшырады. Олар отбасылық дос болды ғой. Бірте-бірте Назарбаевтың мемлекет басқарудағы саясатына Алтынбектің көзі жетті, сосын ажырай бастады. Кейін сынай бастады, сосын қарсы келді. Оны Назарбаев кешіре алмады. Ал Нұрқаділов сәл асқыныңқырап кетті. Ол тік сөйлеп, дебатқа шақырды. Ақ костюмін киіп, Нұрқаділов шықты. Бірақ Назарбаев онымен айтысып отыра ма, бара қоймайды ғой. Содан кейін қатты қарсылық танытты. Мінезі де ұрмалы еді ғой. Сол мінезі де себеп болды. Айтып қалады, Президент екенін ұмытып кетеді. Президент қолында күш бар, ал ол қатардағы қызметші. Солай Нұрқаділов те, Сәрсенбаев та өзіне қатты сеніп кетті. Көкірегін, мінезін көрсетті. "Мен одан кем емеспін" дегенді ашық айтты", - дейді жазушы. 

Қазақстанда инвестицияда өсім бар. Карта с кэшбэком: разумные и удобные расходы
Дулат Исабеков Назарбаевпен қалай ерегісіп қалғанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу