Министрлік басшыларына халықпен кездесу өткізу міндеттелді

Oinet.kz 29-01-2024 302

Қазақстан үкіметі 2024 жылғы 17 қаңтардағы "Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Осылайша, орталық атқарушы органдар (Қорғаныс, Сыртқы істер, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Әділет министрліктерін қоспағанда) жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша жыл бойы тоқсанына кемiнде бiр рет халықпен тұрақты кездесу өткiзуге; халықпен кездесу өткізу үшін өңірді таңдау кезінде салалардағы проблеманы және жергілікті жерде көтерілген мәселелерді ескеруге; әлеуметтік шиеленіс болуы немесе туындауы мүмкін жағдайда бірінші басшылардың осы өңір халқымен кестеден тыс міндетті түрде кездесу өткізуін қамтамасыз етуге; тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей ақпаратқа қолжетімділік саласындағы уәкілетті органға өткізілген отырыстар туралы ақпаратты жіберуге міндеттелді. 

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыс әкімдіктеріне отырыстарды ұйымдастыру кезінде орталық атқарушы органдарды ұйымдастыру, ақпарат және техникамен қамтамасыз ету тапсырылды.

Ақпаратқа қолжетімділік саласындағы уәкілетті орган мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

  • орталық атқарушы органдармен келiсе отырып 15 желтоқсанға және 15 маусымға дейiн үкiметке жарты жылда бiр рет халықпен өтетін кездесу кестесiн жасайды;

  • халықпен кездесу өткізу тәртібін бекітеді және орталық атқарушы органдарға жібереді;

  • орталық атқарушы орган басшылары өткізген кеңестердің қорытындысы туралы ақпаратты жарты жылда бір рет, 15 маусымға және 15 желтоқсанға дейін үкімет аппаратына ұсынады.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Қоғамдық палата отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасы талқыланғанын жазған едік. Ол бойынша Қазақстанда пара беру туралы ұсыныс айтқандар сотталуы мүмкін. 

Ақтөбеде теракт туралы хабардан кейін 50 мың оқушы мектепке бармаған
«Балалардың барлығы ауру»: Экс-министр шетелге сатылған балалар үшін қоғамды кінәлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу