«9 рет пышақ сұғып, жиһазбен қосып өртеген»: Қарағандыда ерлі-зайыпты сотқа тартылды

Oinet.kz 06-02-2024 723

Қарағандыда адвокат Ирина Эмді айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінген ерлі-зайыптының ісі басталды. Олар әйелді өз пәтерінде тоғыз рет пышақ сұғып өлтіріп, кейін ізін жасыру үшін оны өртеп жіберді деп айыпталып жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Марқұмның 53 жастағы көршісі мен оның 45 жастағы жұбайы сотқа тартылды.

Оқиға Шахтинск қаласында 2023 жылдың сәуір айының соңында болды. Іс материалдарына сәйкес, марқұмға көршісі қарызға ақша сұрауға келген. Ал оны көрген әйел қызғаныштан Иринаға пышақ сұққан. Содан кейін ер адам тағы сегіз рет пышақтаған.

Күдіктілер қансырап жатқан жәбірленушіні диванға апарып, жиһазды өртеп жіберген көрінеді. Сондай-ақ марқұмның отбасы  Ирина Эмнің сөмкесінен 400 мың теңге жоғалғанын айтады. Сот алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр.

Ерлі-зайыпты 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айыпталушылар кінәсін мойындамады.

Шымкент қаласында терроризмді насихаттау бойынша күдікті ұсталды
Универсальный казахстанский футболист перейдёт в российский клуб
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу