Солтүстіктегі тасқынмен күресуге келген оңтүстікқазақстандық құтқарушының жүрегі тоқтап қалды

Oinet.kz 04-04-2024 583

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынымен күресу үшін аймаққа іссапарға жіберілген құтқарушы қайтыс болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Солтүстік Қазақстан облысында тасқынмен күресуге көмекке іссапарға келген құтқаршы қайтыс болды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 

Азаматтық қорғау пропарщигі Бекжан Балданов Тайыншаға 1 сәуірде Түркістан облысының бөлімшесі құрамында келген. Сол кеште-ақ оның жағдайы нашарлап, Тайынша аудандық ауруханаға жеткізілген. Сол жерден оны санитария авиациясы бортымен Патропавлдағы госпитальге жеткізу жопарланған. Дәрігерлер оның өліміне жедел миокард инфарктісі себеп болғанын анықтады.

Бекжан Балданов 1978 жылы туған. Ол Сайран ауданының №6 өрт сөндіру бөлімін басқарды.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесіп жүрген 26 жастағы құтқарушыны ер адам пышақтағанын хабарлаған едік. 

Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағындағы екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында.

Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Мен де ашулана бастадым»: Бишімбаев сотта қайғылы жағдай орын алған күн жайлы айтып берді
«Су деңгейі көтеріліп келеді»: Қостанай әкімдігі тұрғындарды эвакуацияға дайын болуға шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу