«Су деңгейі көтеріліп келеді»: Қостанай әкімдігі тұрғындарды эвакуацияға дайын болуға шақырды

Oinet.kz 04-04-2024 287

Қостанайдағы су тасқынына қарсы жедел штаб тұрғындарға төтенше жағдайға дайын болу керегін айтып, ескерту жасады. Тобыл өзенінің деңгейі күн сайын көтерілуде, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі “Костанайские новости” басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Ведомство өзендегі су деңгейі күрт көтерілген жағдайда Колесный ряд ауданын (Пионерская, Красный Кузнец, Тобольская, Юный Боец, Дачная көшелері) су басып қалуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар өзен жағасында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды су басу қаупі бар. Атап айтқанда, "Апельсин" сауда орталығы, "Ақ шаңырақ" мейрамханасы, "Гранат" мейрамханасы және "Мохито" демалыс орталығы.

“Осыған байланысты, саяжай мен кәсіпорындар тұрғындары эвакуацияға дайын болуы керек. Қарт адамдарға, өздігімен қозғала алмайтын адамдар мен балаларды басты назарда ұстаңыздар. Жеке құжаттарды, ақшаны және басқа да құнды заттарды алдын ала жинап, дайыдап қоюға кеңес береміз”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ әкімдік қостанайлықтарды үрейге бой алдырмай, төтенше жағдайлар басқармасының және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес әрекет етуге шақырады. 

Ведомство өкілдері қажет болған жағдайда тұрғындарға 112 немесе 109 телефон нөмірлеріне хабарласу керегін айтты. 

Солтүстіктегі тасқынмен күресуге келген оңтүстікқазақстандық құтқарушының жүрегі тоқтап қалды
«Cезімімнің өшкенін түсіндім»: Прокурор Салтанат Нүкенованың телефонындағы хабарламаларды оқыды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу