Ақтөбе облысының бұрынғы әкім 3 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді

Oinet.kz 15-05-2024 518

Ақтөбе облысының ауылында тұратын әйел 3 жасар қызын туысқан ағасы зорлағанын айтып шағымданды. “Немолчи” қорының басшысы Дина Таңсәрі желіде аталған жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Ақтөбелік әйелдің айтуынша, 3 жасар қызы туыстарының үйіне барған. Үйге оралған соң үлкен аға оған қысым жасағанын айтқан. Анасы бірден баланы ауруханаға апарған. Дәрігер зақым келгенін мәлімдеген екен.

“Дәрігер артқы жағында 2 см сызат барын растады. Әйел дереу полицияға арыз берді, бірақ күдікті жазадан сытылып кете ме деп қорқады. Айтуынша, ол бұған дейін полиция қызметкері болып, тіпті әкімдікте басшылық қызметте болған. Оны ауылдағылардың бәрі таниды, таныстарының көмегімен істі жылы жаба ма деп алаңдаулы”, – деді Таңсәрі.

Сөзінше, кішкентай қыз психологиялық соққы алып, үркіп қалған. 

“Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданады”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда №10 мектептің күзетшісі бала зорламақ болғаны айтылған еді. 

Түркістан облысының әкімі Түркияның жоғары сайлау кеңесі төрағасымен кездесті
Түркістан облысында бес ауылдық округтың әкімдерін сайлау өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу