Зеленский: Мәскеуден нақты жауап күтеміз
23-04-2025
Швецияда Құранды өртеу арқылы танылған ирактық босқын Салван Момика белгісіз біреулердің қолынан қаза тапты. Мұны Швеция билігі ресми растады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Politico.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиғаның мән-жайы:
38 жастағы Салван Момика 29 қаңтар күні кешке Стокгольм маңындағы Сёдертелье қаласында атып өлтірілген. Оның денесі көпқабатты үйдің ішінен табылды Көршілері оқ атылғанын естіген. Момика сол сәтте TikTok-та тікелей эфир жүргізіп жатқан болуы мүмкін
Тергеу басталды:
Швед полициясы бірнеше күдіктіні ұстады, бірақ олардың кім екені айтылмады. Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Марқұмның өліміне байланысты тергеу жұмыстары жалғасуда
Момиканың даулы әрекеттері:
2023 жылы ол Стокгольм орталығында Құранды өртеп, бүкіл әлемде үлкен наразылық тудырды;
Ислам әлемі оған өлім жазасын талап етіп, түрлі елдерде жаппай қарсылық шерулері өтті;
Оған қатысты "ұлтаралық араздықты қоздыру" бабы бойынша сот ісі қаралуы керек еді;
Сот отырысы 30 қаңтарға жоспарланған болатын, бірақ оның өліміне байланысты тоқтатылды;
"Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Қауіпсіздік қызметі қылмыстың себептерін анықтау үстінде," – деп хабарлады жергілікті полиция.
Оқиғаның толық мән-жайы алдағы уақытта анықталатын болады.