Зеленский: Мәскеуден нақты жауап күтеміз
23-04-2025
Шымкентте Үндістаннан келген студент түсініксіз жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Студент Медициналық академияда оқып жүрген.
"Полиция ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Ешқандай зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылмады. Өлімнің алдын ала себебі – кенеттен жүрек тоқтауы", – делінген полиция департаменті хабарламасында.
Жас жігіттің мәйіті өзі тұратын пәтерінен табылды.
Полиция департаменті мәліметінше, өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.