Зеленский: Мәскеуден нақты жауап күтеміз
23-04-2025
Марқұм Шерзат Полаттың сот отырысы жалғасуда, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұл жолы куәгер ретінде Сәкен Әкежанов жауап беруде.
"Мен дүкеннің қасында болған жоқпын. Үйде жұмыстан кейін ұйықтап жатқанмын. Тарсылдатты, бір-екі "хлопоктар" болды. Бізде Шота Руставели (көшесінде) жастар мотоциклдер айдайтын әдетте. Сол шығар деп ойладым. Сосын әйелдің ойбайлап жатқан дауысын естідім. "Скорый шақырыңдар" дегендей бірдеңе айтты. Балконға шығып қарасам, он шақты жігіт жүгіріп бара жатыр. Бір жігітті тепкілеп жатты. Сосын мен "Жігіттер, қойыңдар, өлтіресіңдер ғой" деп айқайладым", - деді куәгер.
Ол жерде жатқан бір адамды ғана көргенін растады.
"Бір-ақ адамды көрдім. Оны тепкілеп тастағандықтан, ол жерге құлап қалды. Мен жедел жәрдем шақырдым", - деді куәгер.