«Табаны сынған»: Өскеменде өрт сөндіруші биік ғимараттан құлап кетті (ВИДЕО)

Oinet.kz 08-05-2025 42

Бүгін әлеуметтік желіде өрт сөндіріп жатқан қызметкердің терезеге кіре бергенде құлап түскен сәтінің қорқынышты видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Rýhy-не сілтеме тастап.

Screenshot_14.jpg

Анықталғандай, оқиға Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында 5 мамырда болған. Красин көшесіндегі тұрғын үйдің төртінші қабатында өрт шыққан. Өрт кезінде пәтер тұрғындары үйде болмаған. Құтқару жұмыстары барысында №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері биіктен құлап, жарақат алды.

«ТЖМ қауіп-қатер медицинасы орталығының мамандары алғашқы медициналық көмек көрсетті. Дәрігерлер оған «оң аяғының табаны сынған» деген диагноз қойған. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қызметтік тексеру жүріп жатыр», - деп хабарлады ТЖМ.

Дереккөз өртеніп жатқан үйдің терезе жағында ағаш көп болған соң, арнайы техника бара алмағанын, сондықтан, өрт сөндіруші терезеге саты арқылы шыққанын айтып отыр. 


АҚШ-қа Алматыдан 70 мың шаршы метр жер беріледі: заңды сенаторлар мақұлдады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу