Спорт аңызы, танымал боксшы спортзалға барар жолда көз жұмды

Oinet.kz 02-06-2025 205

Ямайкалық танымал боксшы, спорт аңызы Майк Маккаллум 68 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап. 

Screenshot_3.jpg

Үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған бұрынғы ямайкалық боксшы Майк Маккаллум 68 жасында өмірден озды.

Экс-боксшының спорт залына бара жатқан жолда көз жұмғаны хабарланды.

Майк Маккаллум (1956 жылы 7 желтоқсанда Ямайканың Кингстон қаласында туған) – кәсіби бокста ерекше із қалдырған ямайкалық спортшы.

Оны жанкүйерлер «Дене ұрлаушы» деген лақап атпен таныған, себебі қарсыластарының денесіне бағытталған ауыр соққыларымен әйгілі болған.

Ол бірнеше салмақ санатында өнер көрсетіп, WBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақта (1984–1987) және орта салмақта (1989–1991), ал WBC тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақта (1994–1995) әлем чемпионы атанған.

Кәсіби мансабында 56 жекпе-жек өткізіп, оның 49-ында жеңіске жеткен, оның ішінде 36 кездесуін нокаутпен аяқтаған.

«Бұл түс саған жараспайды»: Жамбылда күйеуі әйелін шашын бояғаны үшін ұрып, шынтағын сындырған
Марқұм Ақнәрдің бір жігітпен қатты жанжалдасқаны түсірілген 31 минуттық видео жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу