Қарағандыда бір жарым жасар бүлдіршін 12 магнит жұтып қойған

Oinet.kz 26-08-2025 170

Қарағандыда дәрігерлер 12 магнит жұтқан 1,5 жасар баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

"Бала көпсалалы облыстық балалар ауруханасының шұғыл бөлімшесіне жеткізілді. Ол ішінің қатты ауыратынына шағымданған. Тексеруден кейін дәрігерлер оның асқазанында 12 магнит шарик барын анықтады", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ағзаға түскен магнит бір-біріне тартылып, тіндерді қысып, жыртқан.

"Хирургтар шұғыл операция жасап, кішкентай науқасты құтқарып қалды. Жағдайы тұрақты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді ведомство.

Алматы әуежайында өзін-өзі өртеп жібермек болған ер адамның қазіргі жағдайы белгілі болды
«Ағымда болу — тозақта болу»: Қазақстандық келіншек өзге ағымда 15 жыл қалай жүргенін айтып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу