Астанада түнгі клубта 19 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды

Oinet.kz 09-09-2025 182

Елордалық түнгі клубтардың бірінде қайғылы оқиға болды. Мекемеде келушілер арасында жанжал шығып, 19 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрлардан жерде қансырап жатқан адамды екі жігіттің ұстап отырғанын көруге болады. Полиция мәліметінше, мекемеге келушілер арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан.

"Оқиға кезінде күдікті пышақ жарақатын салған. Салдарынан 19 жастағы  жігіт алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", – делінген хабарламада.

Полиция кісі өліміне қатысы бар деген күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Біреуі менің қызым»: Масақта 16 жастағы қызды қорлаған әйелдердің бірінің әкесі
«Ұнамаса келмей-ақ қойыңыз»: Алматыда дәмхана әкімшісі қазақша мәзір сұрағандарға дөрекелік көрсетке
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу