«Несие алғандарға жәрдемақы берілмейді»: Министр жаңа құжатты түсіндірді

Oinet.kz 10-09-2025 198

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мәжілісте өткен брифингте несиесі бар отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) беру тәртібіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_8.jpg

Министрдің айтуынша, құжат "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылған. Онда несие алған отбасыларға АӘК төлеу шарттары қайта қарастырылуы мүмкін екені айтылған.

Жақыпова айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек қарызды жабуға арналмаған. Сондықтан есептеу кезінде отбасының несиеге жұмсайтын шығыны есепке алынады.

"Мәселен, үш адамнан тұратын отбасы 3 миллион теңге несие рәсімдеді делік. Ай сайынғы төлем әрқайсына 300 мың теңгеден келеді. Бұл табыс кедейлік шегінен жоғары болғандықтан, оларға АӘК тағайындалмайды. Ал егер несие көлемі шағын болса, мысалы 300 мың теңге, есеп керісінше табыстың кедейлік шегінен төмен екенін көрсетеді. Бұл жағдайда АӘК беріледі", – деді министр.

Ол сондай-ақ аталған өзгерістер ипотекалық несиеге қатысы жоғын да атап айтты.

Министр құжат әзірге заңдық күшіне енбегенін, қазір ол тек қоғамды ақпараттандыру және ұсыныстар жинау мақсатында талқылауға ұсынылғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін министр Қазақстанда жалақыны конвертпен беруге тыйым салынатынын айтқан болатын. Сондай-ақ көпбалалы емес отбасыларға да көмек берілетінін айтты.

«Ұнамаса келмей-ақ қойыңыз»: Алматыда дәмхана әкімшісі қазақша мәзір сұрағандарға дөрекелік көрсетке
«Бір күні той жасап жүрмесін»: Мәжілісте анасын туған күнімен құттықтаған депутат сынға қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу