Екібастұзда жер үй өртеніп, салдарынан үйде болған 6 адам мерт болды
Екібастұзда жер үй өртеніп, 6 адам мерт болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Екібастұздың ауылдық аймағында жеке шаруашылықтың үйі мен шаруашылық ғимараттары өртенген.
Тілсіз жаудың салдарынан үйде болған 6 адам өртеніп кеткен.
Солнечный кентіне қарасты шаруа қожалықтарының бірінде тұрғын үй мен өзге де шаруашылық ғимараттары жанған.