Онлайн казино ұйымдастырған 9 адам сотталды
Ақтөбеде bingo37.pro қосымшасы арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, қылмыстық кірісті заңдастырған топтың ұйымдастырушылары мен қатысушыларына сот үкімі шықты.

Қатысушылардан түсетін ақша аударымдарын операторлар қабылдап, оларды платформада тіркеп, әрқайсына логин, құпиясөз және ойындарға кіруге сілтеме берген.
ҚМА мәліметінше, күн сайын 150 000-нан 200 000 теңгеге дейін табыс түсіп отырған.
"Қылмыстық кірісті жылыстату мақсатында алаяқтар дропперлерді тартқан. Ұйымдастырушылардың бірі 2020 жылы дәл осындай қылмыс бойынша қолға түсіп, жазаланған болатын, бірақ соған қарамастан заңсыз қызметін тоқтатпаған. Сот үкімімен тоғыз адамға 2 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, үш көлік тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.


