М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың жаңа ректоры тағайындалды
Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен заң ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Төлеген Мұхтар Әділбекұлы Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы ОҚЗУ ректоры лауазымына тағайындалды.

Төлеген Мұхтар Әділбекұлы 1980 жылы 16 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген.
Білімі мен ғылыми дәрежесі:
1997–2001 жж. – Қазақ мемлекеттік заң университеті (Алматы қ.), «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірді.
2002–2006 жж. – ҚазГЗУ Мемлекет және құқық институтының аспирантурасында білім алды.
2011-2018жж. - «Құқықтану» мамандығы бойынша доцент және профессор ғылыми атағы берілді.
Еңбек жолы
2001–2003 жж. – ҚазГЗУ Солтүстік-Қазақстан заң институтында (Павлодар қ.) аудармашы, заңгер, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы және оқытушы қызметтерін атқарды.
2003–2006 жж. – ҚазГЗУ Алматы заң академиясында ректордың көмекшісі, оқытушы және ғылыми бөлімнің бас маманы болды.
2006–2007 жж. – ҚазГЗУ Құқық және экономика колледжінің бөлім меңгерушісі.
2007–2008 жж. – ҚазГЗУ Алматы заң академиясының деканы.
2008–2012 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ректордың кеңесшісі және факультет деканының орынбасары.
2012–2016 жж. – Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры.
2016–2017 жж. – І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректоры аппаратының басшысы.
2017–2018 жж. – І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің проректоры.
2018 жылдан бастап – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректор қызметін абыроймен атқарып келген.


