Шымкентте мәслихат төрағасы ауысты
Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының сессиясы өтіп, онда қалалық мәслихат төрағасы сайланды. Төрағалыққа "Әділет" партиясы Шымкент қалалық филилалың жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Мұрат Жолдықожаев Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды. Бұл лауазымды бұған дейін Бахадыр Нарымбетов атқарған болатын. Сессияға қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Бахадыр Нарымбетовке шапан жауып, атқарған жұмысына алғыс білдірді.

Мұрат Жолдықожаев бұған дейін "Аманат" партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы болып қызмет атқарған. Жақында ол "Әділет" партиясының Шымкент қалалық филиалының жетекшісі болып сайланды. Ал Бахадыр Нарымбетов "Әділет" партиясының Құрылтайға ұсынылған партиялық тізіміне енгізілген.


