12 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Oinet.kz 31-10-2025 63

Желіде Алматы облысындағы елді мекендердің бірінде 12 жасар қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады. Облыстық Полиция департаменті қылмысқа қатысты түсінік берді.

Screenshot_7.jpgTelegram желісіндегі EGOV.PRESS арнасының хабарлауынша, 12 жастағы қызды зорлады деген күдікті кәмелет жасқа толмаған, ол қазір ұсталған.

Алматы облысының Полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соттың санкциясымен оған қатысты уақытша ұстау изоляторына қамау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған жеделтергеп-тексеру шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Сонымен қатар күдіктінің заңды өкілдері кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Шәуілдірде газ жарылып тұрғын үй қирады
Шардарада мектеп оқушысы дене шынықтыру сабағынан кейін көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу