Халықты алдап-арбап 100 миллион теңге жинаған әйел ұсталды

Oinet.kz 04-11-2025 53

Қарағанды облысында тұратын әйел қайырымдылық жобасының атын жамылып, қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Oinet.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpgҚаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мәліметінше, "Үміт Самғау" қаржы пирамидасы жалғызбасты аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсететін қайырымдылық жобасының атын жамылған.

"Азаматтарға салған қаражатынан 300 пайыздан 800 пайызға дейін табыс әкелетіні жөнінде уәде берілген және әртүрлі "салым түрі" ұсынылған.

Жоба шарттары бойынша – салым көлемі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым көп болатыны айтылған. Қатысушыларға төлемдер нақты кәсіпкерлік қызмет есебінен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен жүргізілген.

Қылмыстық схемаға ұйымдастырушының туыстары мен таныстары "дропперлер" ретінде тартылған, олардың атына тіркелген банктік карталары мен шоттарына салымшылардың ақшасы қабылданған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 400-ден астам азамат тартылып, жиналған қаражаттың жалпы көлемі 100 млн теңгеден асқан", - делінген хабарламада.

Сот санкциясымен күдіктіге пәтері мен автокөлігін пайдалануға тыйым салынды.

Түркістандық тұрғын анасына бауырының бір бөлігін беріп, өмірін сақтап қалды
Жамбыл облысындағы ауылда оқушылар әкімдік ғимаратында оқып жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу