Жамантай Бейсенбаев — «Құрмет» орденінің иегері

Oinet.kz 03-12-2025 46

60600621_398867297625999_5940244055916019712_n.jpg

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің дәстүрлі «AGROFEST TÚRKISTAN – 2025» мерекелік іс-шарасында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің дамуына үлес қосқан бір топ азаматқа Президент Жарлығымен берілген атақтар мен ордендерді табыс етті. Марапат алғандардың қатарында елге белгілі азамат Жамантай БЕЙСЕНБАЕВ та бар. Оған «Құрмет» ордені берілді.

Жамантай Бейсенбаевтың мұндай жоғары марапатқа дәл ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесінде ие болуы бекер емес. Өйткені ол өзінің бүкіл саналы ғұмырын ауыл шаруашылығы саласына арнап келеді. Еңбек жолын қарапайым агрономдықтан бастаған Жамантай Қанайұлы ауыл шаруашылығы саласында айрықша орны бар, «ақ алтынның» отаны саналатын Мақтаарал, Жетісай өңірінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында басшылық лауазымдарды да абыроймен атқарды. Оның ішінде екі рет аудан орталығы — Жетісай қаласының әкімі, екі рет Мақтаарал ауданының әкімі болды. 2018 жылы іріленген Мақтаарал ауданы екіге бөлінген кезде Жетісай ауданының әкімі қызметін атқарды.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де шаруашылықпен айналысып, мақта саласына озық технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастырып келеді.

Марапат иесіне бейнеттің зейнетін молынан көріп, халықтың құрметіне бөлене беріңіз деген тілек арнаймыз!

 592894009_25067810726249060_4191457630381156462_n.jpg

 


ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу