Жоғалған 20 мыңнан астам адам табылды

Oinet.kz 06-01-2026 80

Screenshot_1.jpg

2025 жылы хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру саласында да елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. Өткен жылы жоғалды деп есептелген 20 мыңнан астам адамның жүрген жері анықталды, олардың 6 мыңнан астамы балалар. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

2025 жылы халықаралық ынтымақтастық белсенді түрде дамыды. Қазақстан аумағынан тыс жерлерде соттан бой тасалап жүрген 156 қылмыскер ұсталды.

Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, ел аумағында ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттердің сұрауы бойынша іздеуде болған 639 адам қолға түскен. Бұл мемлекетаралық өзара іс-қимыл мен жедел ақпарат алмасудың тиімділігін айқын көрсетеді.

Ішкі істер министрлігі заң мен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда. Ведомство қызметінің негізгі басымдықтарының бірі – қылмыскерлерді іздестіру және ұстау. Нәтижесі – 2025 жылы түрлі қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 1600-ден астам адам ұсталды. 


Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу