Мақтаулы мектеп. Ұстаздар ұсыныс айтты

Oinet.kz 30-12-2025 16

606020093_4343862165872946_6319761099835282935_n.jpg

"AMANAT" партиясынан сайланған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты ретінде бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібекұлымен бірге  Төле би ауданындағы бірқатар нысандарға бардық. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов пен аудан әкімнің орынбасарлары, бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, Ленгір қаласының әкімі Мақсат Болысбекұлы, "AMANAT" партиясы Төле би аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров қосылған арнайы топ әуелі Көксәйек елді мекеніндегі ел ашылуын асыға күтіп жүрген жаңа спорт кешенін аралап көрдік, мықты  материалдық базаға көңіліміз толды.  Ал Ленгір қаласындағы құрылысы аяқталып, бүгінде айналасына абаттандыру жүргізіліп жатқан 5 қабатты үш тұрғын үйдегі пәтерлер алдағы уақытта қаншама жылдан бері апатты ахуалдағы  баспанада амалсыз бас сауғалап келген азаматтарға берілмек.  

Президент Тоқаевтың айрықша назарындағы  "Келешек мектеп" жобасы аясында биыл ғана жаңа оқу жылында жаңадан ашылғанына қарамастан  облыстық, республикалық масштабта   бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп үлгерген  №10 білім ошағы талап пен тәртіпке сай жоғары деңгейде жұмыс атқарып жатқанын асықпай аралау барысында айқын аңғардық. Байқауларда топ жарған шәкірттер  қорғаған жобалармен танысып, ұстаздардың ой-пікірін тыңдадық. "АМАНАТ" партиясының сайлауалды бағдарламасында "Алдағы бес жылда біз кемінде 1,2 миллион ыңғайлы оқушы орнын құруға қол жеткіземіз, апатты және үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешеміз. Еліміздегі оқушылардың басым көбі тек бір ауысымды оқуға көшеді. Жөндеуді және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, еліміздегі үш мың мектеп толықтай жетілдіруден өтеді" деген міндет қойылып отыр. Міне, осы мәселенің іске асырылуы партия тарапынан қатаң  бақылауда.

Мәжілісмен Ұласбек Сәдібеков аудандағы қолға алынған тірліктерді, оның ішінде Пернебек Асанов басқаратын мектептегі игі бастамаларды да оң бағалап, ұстаздар тарапынан айтылған.  

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ, 

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы парамен ұсталды
Иранда үш күндік аза тұту жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу