Ең көп электромобиль - Алматыда

Oinet.kz 15-01-2026 58

SNE Research деректеріне сәйкес, биылғы жылдың қаңтар–қазан айларында әлемде 17,1 млн электромобиль сатылды.  Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,5%-ға көп. Ал 2024 жылдың қорытындысында жаһандық нарықта 17,7 млн электромобиль өткізілген болатын, өсім — 26,1%. Электромобильдерге сұраныс соңғы жылдары күрт артты: 2021 жылға дейін жылдық сатылым 10 млн-ға да жетпесе, 2022 жылы 10,6 млн, ал 2023 жылы 14 млн-нан асты. Бұл туралы ranking.kz порталы хабарлады.

Screenshot_2.jpg

Биылғы қаңтар–қазан аралығында сатылған электромобильдердің үштен екісіне жуығы Қытайға тиесілі: 10,9 млн дана. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 24,2%-ға жоғары. Еуропада 3,4 млн электромобиль сатылып, шамамен 30%-дық өсім тіркелді. Солтүстік Америкада — 1,6 млн, Қытайдан өзге Азия елдерінде — 1 млн-ға жуық электромобиль сатылды. Басқа өңірлердің үлесі небәрі 328 мың автокөлікпен шектелді.

Брендтер ішінде көшбасшылықты қытайлық BYD сақтап отыр: 3,3 млн электромобиль сатылған. Geely 1,8 млн көрсеткішпен екінші орынға көтеріліп, Tesla-ны артта қалдырды. Tesla сатылымы 1,3 млн-ға дейін төмендеп, әсіресе Еуропада айтарлықтай қысқарды. Алғашқы ондыққа сондай-ақ Volkswagen, SAIC, Changan, Hyundai/Kia, Chery, BMW және Stellantis кірді, олардың бесеуі — қытайлық брендтер.

Қазақстанда да электромобильдерге қызығушылық артып келеді. 2025 жылдың қыркүйек айының соңында елде шамамен 16 мың электромобиль тіркелді, бұл бір жылда 39,4%-ға көп. Электромобильдердің жартысынан астамы Алматы қаласына тиесілі, ал ең аз көрсеткіш Абай және Ұлытау облыстарында тіркелген.

Оңтүстікте биыл да су тапшылығы болады
Алмасбеков генерал бола алмайды-ау...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу