Медициналық сақтандыру қорынан 26 млрд теңге қолды болды – Біртанов

Oinet.kz 19-01-2026 48

Экс-министр Елжан Біртанов медициналық сақтандыру қорындағы қаржыға қатысты резонансты мәлімдеме жасап, 26 млрд теңгенің заңсыз жұмсалғанын айтты.

image.png

Ол бұл сома қордың жалпы қаражатының бір пайызы ғана болғанымен, өз мәні бойынша аса ірі шығын екенін атап өтті.

«Бір қарағанда, бұл небәрі бір пайыз болып көрінуі мүмкін. Бірақ сол бір пайыздың өзі – 26 миллиард теңге. Мемлекет үшін де, қарапайым халық үшін де бір теңгенің ұрлануы – үлкен мәселе», – деді Біртанов.

Экс-министрдің пікірінше, мәселенің түпкі себебі – медициналық сақтандыру қоры мен Денсаулық сақтау министрлігінде қаржы ағындарына нақты цифрлық бақылаудың болмауы. Ол бірнеше жылдан бері осы олқылықты айтып келе жатқанын жеткізді.

«Ақпараттық жүйелерді біріктіреміз, интеграция жасаймыз деп уәде берілді. Бірақ әлі күнге дейін ол іске аспаған. Егер цифрлық бақылау дұрыс жұмыс істесе, күмәнді операциялар бірден автоматты түрде бұғатталатын еді», – деді бұрынғы министр.

Бұл оқиғадан кейін Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің басқаруына беру жөнінде шұғыл тапсырма бергені хабарланды.

«1 миллион теңге»: Маңғыстауда ер адам қызды интимді суреттерімен бопсалап, ақша талап еткен
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу