5 мың шымкенттік киберполицияның ашық семинарына қатысты

Шымкент қаласындағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Сақ бол, интернет-алаяқтық!» тақырыбында ауқымды ашық семинар өткізді. Іс-шара тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталды.
Семинар барысында қатысушыларға алаяқтардың интернет кеңістігінде жиі қолданатын тәсілдері, жеке деректер мен банк карталарының қауіпсіздігін сақтау жолдары, сондай-ақ онлайн ортада заңсыз әрекеттерге тап болған жағдайда атқарылатын іс-қимыл алгоритмі жан-жақты түсіндірілді.
Ашық диалог форматында өткен семинарға шамамен 5 мыңға жуық қала тұрғыны қатысты. Қатысушылар әлеуметтік желілерді, интернет-платформаларды және мобильді қосымшаларды қауіпсіз пайдалану бойынша нақты практикалық кеңестер алды.
Полиция азаматтарды қырағылық танытуға, жеке және қаржылық деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Интернет-алаяқтық белгілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарласу қажеттігін ескертеді.


