Димаш Құдайберген мәнерлеп сырғанаушы Шайдоровқа көлік сыйлайтын болды

Oinet.kz 15-02-2026

Димаш Құдайберген Олимпиаданың алтын жүлдегері Михайл Шайдоровқа темір тұлпар сыйға тарттатынын айтты. 

Screenshot_2.jpg

Ол олимпиада чемпионын құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

“Құрметті ағайын не деген мереке, не деген той! Мұз үстіндегі өнерің сені чемпион ғана емес, дүйім жұртқа рух, шабыт сыйлаған үлкен азаматқа айналдырды. Халқымыздың алдындағы борышыңды өтедің. Әнімді орындап мені де марқайттың!”, – деді Димаш.

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа ыстық ықыласын білдірген Димаш оған темір тұлпар сыйлайтынын айтты. 

“Елге жетіп алайық, темір тұлпар табыстаймын. Бір темір тұлпар менің мойнымда”, – деді ол.

Облыс әкімінің орынбасары ұсталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу