Қазақстан Иранды қолдамай ма?

Oinet.kz 06-03-2026

Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукар қазіргі оқиғаларға байланысты Қазақстан тарапынан ешқандай қолдау хабарлама келмегенін мәлімдеді. 

Screenshot_46.jpg

Елші Астанадағы брифингте: 

"Қазақстан – біз үшін дос әрі бауырлас ел. Мүмкін, демалыс күндері болғандықтан, Қазақстан билігі хабарлама жіберуге мүмкіндік таппаған шығар", – деді ол.

Елші әскери қимылдарға қатысты мәселеге де пікір білдірген. 

"Әскери әрекеттер басталар алдында біз ресми түрде хабарлаған едік. Парсы шығанағындағы база АҚШ-қа тиесілі. Сондықтан олар шабуылға ұшырайды. Қазір кейбір достарымыз, араб елдері, Иранның осы базаларды шабуылдағанына реніш білдіруде. Бірақ шабуыл дәл осы базалардан басталғандықтан, Тегеран қорғаныс мақсатында соққы беруге мәжбүр болды. Қақтығыс нәтижесінде көптеген адамдар қаза тапты. Соның ішінде мектепке жасалған шабуыл кезінде 160 бала мерт болды. Ирандағы азаматтық нысандар да зақымданды", – деді ол.

Дегенмен елші бұл сөзді  2 наурызда өткен брифингте айтқан. Артынша Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Иран халқына, оның ішінде жоғары билік өкілдері мен бейбіт тұрғындардың қазасына байланысты көңіл айту мәлімдемесін жолдаған.

Осы жерде айта кетері, биыл 11 ақпанда  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның президенті Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтаған екен.  Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тілеген.

Соғыстың сценарийі
Ветеринариялық жұмыстар жүйелі атқарылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу