СІМ қазақстандықтарға 15 елге бармауға кеңес берді
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстарға байланысты азаматтарға бірнеше елге барудан бас тартуды ұсынды. Бұл ұсыныс аймақтағы жағдай толық тұрақтанғанға дейін күшінде болады.

Министрлік тізіміне Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, БАӘ, Оман және Сирия еніп отыр. Сонымен қатар көптеген елдің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты сапарларды шектеу қажеттігі атап өтілді.
Қазақстан азаматтарына өңірде жүрген жағдайда жеке қауіпсіздік шараларын күшейту, қауіпті аймақтарға бармау, жергілікті билік нұсқауларын орындау, зымыран қауіпі туындағанда баспаналарға немесе паналау орындарына шұғыл бару ұсынылады.
Сондай-ақ шетелдегі елшілік, туроператорлар және әуе тасымалдаушылармен тұрақты байланыста болу маңызды.


