Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы - 34,1 жас

Oinet.kz 07-03-2026

Қазақстанда 10 488 074 әйел бар. Бұл ақпаратты  Ұлттық статистика бюросы жариялады.

Screenshot_64.jpg

Жасы бойынша

Әйелдердің жасы бойынша көрсеткіш мынадай:

0-15 жас аралығында 29,1 пайыз;

16-60 жас аралығында 55,5 пайыз;

61 жастан жоғары 15,4 пайыз.

Әйелдердің орташа жасы - 34,1 жас.

Аймақтар бойынша әйелдердің ең көп саны:

Алматы қаласында 1,2 млн әйел;

Түркістан облысында 1 млн әйел;

Астана қаласында 803,5 мың;

Алматы облысында 778,5 мың әйел бар.

Жұмыспен қамтылғандар саны

Жұмыспен қамтылған әйелдердің үлесі - 48 пайыз немесе 4,4 млн. Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес - 50 пайыз. Өзін жұмыспен қамтығандар арасындағы үлес - 45 пайыз.

Әйелдер көбіне қай салаларда жұмыс істейді?

Білім - 20 пайыз,

Сауда - 19 пайыз,

Денсаулық сақтау саласы - 10 пайыз,

Жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі - 50,8 пайыз.

Жұмыс істейтін әйелдер арасында 35-44 жас аралығындағылар көп, яғни 1,3 миллион әйел бар.

Дубайда оқитын Тұрсынбектің қызы елге оралды (видео)
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу