Атырау облысында тағы да сарбаз қаза тапты
Атырау облысындағы полигонда сарбаз көз жұмды.

12 наурыз күні Атырау гарнизонындағы әскери бөлімшеде далалық жаттығулар кезінде сарбаз қаза тапты.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сарбаз оқ жарақатын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға қаруды ұстау ережелерін бұзу салдарынан орын алған.
Сарбаз дереу медициналық мекемеге жеткізілгенімен, оны құтқару мүмкін болмады.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Ішкі істер министрлігінің Әскери тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу алдын ала жүргізілуде", – делінген Атырау гарнизонының хабарламасында.


