Қанат Айтбаев ұлы Димашты балағаттаған блогерді сотқа берді
Белгілі әнші Қанат Айтбаев ұлы Димаш Құдайбергенге тіл тигізген қазақстандық блогер Берік Сәбитұлының үстінен арыз түсірді.

Ақпаратты блогер Берік Сәбитұлының өзі мәлімдеді.
Берік Сәбитұлы бұған дейін Tiktok-парақшасында әнші Димаш Құдайбергенге қатысты видео жариялаған еді. Онда блогер әлемге әйгілі әншісі қорлайтын сөздер айтады.
“Димаш Құдайберген деген қызға айтатыным. Димаш сені анаң қыз қылып туған, сен маған жауап бермедің, себебі сен қорқақсың. Сен менің тоқалым боласың. Сен үндемей жүре бер, көп құтырма. Тоқаевтың аяғын көп сүйме. Тыныш жүр. Өлең айтпа, саған өлең айтуға болмайды. Көп шыңғырма, сен алаяқтың, сені соттаймыз. Болмаса, менің тоқалым боласың”, – деді ол видеода.
Блогер бұл видеоны ақпанда жариялаған, ал бірнеше күн бұрын тағы бір жазба жариялап, әншінің әкесі өзін сотқа бергенін айтқан.
“Димаш Құдайберген деген алаяқтың әкесі және өзі мені сотқа беріпті, оңбағандар. Маған тікелей хабарласып, менімен сөйлессе мен ол видеоны алып тастауым мүмкін еді, бірақ ойланып көретін едім. Бірақ олар менімен сөйлескен жоқ, келісімге келмеді, себебі олар қорқақ. Бұл жігіттікке жатпайды. Димаш қыз секілді, сондықтан үйленбей жүр деп ойлаймын”, – деді ол.


