Түркістан облысында лауазымды шенеунік ұсталды—БАҚ

Oinet.kz 13-03-2026

shymkent-k-alasy-kiminin-orynbasary-u-staldy_1689836213.jpg 

Түркістан облысында лауазымды шенеунік қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды.

Бұл туралы мәліметті телеграмдағы Фонд-бюро расследования коррупций каналы хабарлады.  Каналдың редакциясына Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Агроөнеркәсіптік кешендегі  мемлекеттік инспекция комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының ұсталғаны туралы ақпарат түскен. Редакция осыған қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетіне журналистік сауал жолдаған. ҰҚК қазір  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын, өзге ақпараттардың тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтіндігі жөніндегі жауап берген.

Істің мән-жайы әзірге белгісіз болып отыр.  


Студенттердің рухани танымына ықпал еткен мәдени кеш
Аcқар Маминнің немере інілерінің Лондонда 10 млрд теңгеден асатын мүлкі бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу