Әнші Рахат Тұрлыханов әйелін ұрды деген күдікпен үшінші рет полицияға жеткізілді
Әлеуметтік желіде танымал әнші Рахат Тұрлыханов жұбайын ұрды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді.
"Медеу ауданында болған отбасылық жанжал бойынша полиция қызметкерлері шақыртуға шығып, оқиғаға қатысушыларды мән-жайды анықтау үшін аудандық полиция басқармасына жеткізді. Тексеріс барысында әйел бастапқыда өзіне күш қолданылғанын айтты. Кейін соққыға жығу дерегін жоққа шығарып, отбасылық жанжалға қатысты арыз жазды", - деп жазылған хабарламада.
Ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Еске салайық, 2024 жылы Рахат Тұрлыханов 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.


