Күдікті - күйеуі: Атырауда мұғалім қаза тапты
Атырауда 58 жастағы әйел қаза тапты, - деп хабарлайды.

Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, 16 наурызда сағат 03:30 шамасында тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйел адам қаза тапқаны туралы хабарлама түскен.
"Бұл дерекке қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, соталды тергеп-тексеру басталды. 62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп жазылған редакцияға берілген жауапта.
"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, марқұм - №16 мектептің мұғалімі.


