Елімізде биыл ақылы жолдардан 100 миллиард теңге көлемінде қаржы жиналмақ

Oinet.kz 30-03-2026

“ҚазАвтоЖол” компаниясы 2026 жылы ақылы жолдан қанша ақша жинау жоспарланып отырғанын мәлімдеді. 

_gluster_2023_10_16_8d6f7b442b480f63b79d1b0fe811f6af_original.84951.jpeg

Бұл сауалға Орталық коммуникациялар қызметінде “ҚазАвтоЖол” компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев жауап берді. Оның сөзінше, биыл 97-100 миллиард теңге көлемінде жинау жоспары бар. 

“2025 жылы ақылы жолдар арқылы 87 миллиард теңге жинадық. 2026 жылға жоспарымыз бойынша, 97-100 миллиард теңге көлемінде жинау жоспарымыз бар”, – деді Иманашев. 

Сонымен қатар қаражаттың нақты қандай мақсатта жұмсалатыны айтылды. 

“Қаражат күтіп ұстауға жұмсалады. Оған 30% көлемінде қаражат жұмсалады. Бізде ақылы жолдарда арнайы камера, қызметкерлер бар. Оларды күтіп ұстауға 10% жұмсалады. Көбіне қаражаттың бәрі арнайы техника сатып алу үшін жұмсаймыз. Мысалы, соңғы екі жылдың ішінде 1 200 арнайы техника сатып алдық. Биыл 800 дана техника сатып алу жоспарда бар. Бізде техника қажеттігі 2 000 көлемінде. Сол себепті жыл сайын арнайы техника сатып алу жұмыстарымен айналысып отырмыз”, – деді Иманашев. 

Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаеваның жаңа суреттері қазақстандықтарды тәнті етті
Танымал әнші Баянсұлуға қатысты дау тудыратын ақпарат тарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу