Әкесіне баласы бүйрегін берді

Oinet.kz 31-03-2026

№1 қалалық клиникалық ауруханасында 248-ші бүйрек трансплантациясы сәтті жүргізілді. Бұл жолы ұлы әкесіне донор болып, бүйрегін беру арқылы оның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік жасады.

Screenshot_24.jpg

Реципиент 2024 жылдан бері созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. 2025 жылдан бастап гемодиализге тәуелді болған.

Донор мен реципиенттің медициналық көрсеткіштері сәйкес келіп, трансплантация отасы сәтті өтті. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы жақсарып, үйлеріне шығарылды.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін қалада 35 бауыр және 248 бүйрек трансплантациясы жасалған.

Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті «псих» болып шықты
Президент Іс басқармасының дәрігерлері Шымкентке келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу