Ішкі істер министрлігіне сын айтқан блогерге айыппұл салынды

Oinet.kz 01-04-2026

Қазақстандық блогер Әлібек Ермағанбетов астаналық жүргізушілердің жол қозғалысының ережелерін өрескел бұзып жатқанын көрсетіп, видео жариялады. Алайда өзі де айыппұл арқалады. 

Screenshot_3.jpg

Жүргізушілердің бассыздық жасап жатқанын айтқан блогер Ішкі істер министрлігінен мұны ретке келтіруді талап етті. Видеодан жеңіл және жұк көліктерін басқарған жүргізушілердің кептеліске қарамастан жолға шығып жатқанын көруге болады. Салдарынан жүруі керек көліктер басқаларды күтіп, қозғала алмай тұрды.

“Бұл видео көп жүргізушілерге ұнамауы мүмкін. Бірақ біз жолда білгенімізді істеп жүрміз. Жетер! Астанада өңшең… жиналып алған сияқты. Кім екенін айтқым келіп тұрған жоқ. Маған жасыл жанып тұр, ал мен әлі тұрмын.  Барып тұрған есуастық қой. Ішкі істе министрлігі, сіздер жүргізушілерді жауапқа тарту керексіздер. Басынып алған! Алматы не, Астана не бәрі бір”, – дейжі эмоциясын жасыра алмаған блогер. 

Сондай-ақ ол өзінің же көлік жүргізіп бара жатып телефон қолданып бара жатқанын, осылайша заң бұзғанын мойындады. Алайда блогер тәртіпсіздікті реттеуге пайдасы тисе айыппұл төлеуге дайын екенін жеткізді. 

Бейне жазба желіде тараған соң елордалық құқық қорғау органдары пікір білдірді. Олардың айтуынша, бейнежазба жарияланғаннан кейін Chery, Hyundai, Kia және КамАЗ көліктерінің жүргізушілері жарық бағанасы бар қиылыста қозғалысқа кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

“Сонымен қатар Geely көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Блогерге де айыппұл салынды. Бейнежазбаның авторы да көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жүргізушілермен профилактикалық әңгіме өткізілді”, – деп хабарлады полиция.

Мәжіліс депутаты Туризм министрін қатаң сынға алды
Түркістан облыстық фтизиопульмонологиялық орталығында жаңа басшы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу