Сенат депутаты зейнетақыға қатысты ерекше әдіс ұсынды

Oinet.kz 03-04-2026

Сенат отырысында депутат Амангелді Нұғманов Қазақстандағы зейнетақы жүйесін жасына емес, еңбек өтіліне қарай өзгертуді ұсынды.

Screenshot_1.jpg

"Жасына негізделген зейнетақы моделінен еңбек өтіліне негізделген зейнетақы моделіне біртіндеп көшу мәселесін қарастырған жөн сияқты. Елде әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдары қызметкерлері және арнайы мемлекеттік органдар үшін еңбек өтіліне негізделген зейнетақы жүйесі қазірдің өзінде бар.

Оның өзінде азаматтар қажетті еңбек өтілін жинағаннан кейін зейнетке шығу уақытын өзі белгілеп, бұл шешім үшін экономикалық жауапкершілікті өз мойнына алады", - деді депутат жолдаған сауалында.

Оның пікірінше, күтілетін нәтиже – жұмыссыздықтың азаюы, біреуге тәуелділік күйінің азаюы және азаматтардың жұмысқа жауапкершілікпен қарауы, сондай-ақ мемлекеттік бюджет пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына түсетін ауыртпалықты азайту арқылы зейнетақы жүйесіндегі қаржылық тепе-теңдікті қамтамасыз ету.

Шымкентте базар басшысы саудагер әйелді зорлады деген күдікке ілінді
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу