Шымкентте №142 мектеп директоры қызметінен босатылып, қылмыстық іс қозғалды

Oinet.kz 03-04-2026

Шымкент қалалық білім басқармасының мәліметінше, соңғы бір жылдың ішінде ғана полицияға мектептер мен колледждердегі буллинг туралы 400-ден астам шағым түскен. Бұл туралы  Шымкент қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Ысқақов баспасөз мәслихатында айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

Биылғы оқу жылында полицияға мектептер мен колледждердегі буллинг туралы 400-ден астам шағым түскен. Полиция 22 іс бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Буллинг деректері көбінесе білім беру мекемелерінде орнатылған бейнебақылау камералары арқылы анықталады.

"№142 мектептегі жағдай камералардың арқасында белгілі болды. Онда буллинг тіркелді. Акт залында жоғарғы сынып оқушылар төменгі сынып оқушыларын тізерлеп отырғызып, күш қолданған. Мұның бәрі камераға түсіп қалған, нәтижесінде мектеп директоры жұмыстан шығарылды. Оқу ісі және тәрбие ісіне жауапты директордың орынбасарларына да шара қолданылды. Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Шымкент қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Ысқақов.

Ысқақовтың айтуынша, мектептерде буллингті тек оқушылар ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер де жасайды. Мысалы бір мектепте қызметкер балаға физикалық күш қолданған. Қалалық білім беру бөлімінің басшысы буллингтің алдын алу үшін бейнебақылау камераларын дұрыс бақылау және ата-аналармен белсенді жұмыс істеу маңызды екенін атап өтті.

Ресми мәліметтерге сәйкес, буллингтен көз жұмғандар тіркелмеген.

Тоқаев оқу-ағарту министрін қабылдады
ШҚО әкімінің бұрынғы орынбасары алты жылға сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу