«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» - КӨПШІЛІКТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН ЖОБА

Oinet.kz 14-01-2026

Screenshot_8.jpg

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілендей, азаматтардың құқығын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Бұл тұрғыда елімізде «құқықтық мемлекеттің заңнамасы қолжетімді, қарапайым және қисынды болуы керек. Әрбір азамат заң мәнін, өз құқықтары мен міндеттерін түсінеді» деген нақты талап қойылып отыр.  

Осы орайда «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті. Бұл шараның басты мақсаты – өңір тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарды толғандырған мәселелерге нақты қолдау көрсету және олардың заң аясында шешілуіне ықпал ету.

Аталған бастама Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» құру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылып келеді. Біздің негізгі ұстанымымыз әрбір азаматқа құқықтық көмекті барынша қолжетімді ету, халық пен билік арасындағы ашық әрі тиімді байланысты нығайту.

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындарды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, сондай-ақ облыстық Әділет департаментінің басшысы Нұржан Маханбетов, құқық қорғау органдарының өкілдері, салық, медицина, әлеуметтік сала мамандары, медиаторлар, адвокаттар, нотариус, Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мекемесінің жауапты қызметкерлері қабылдады. Әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, жан-жақты қаралды.

«AMANAT» партиясы ел ішіндегі өзекті мәселелерді шешуде жүйелі әрі нәтижелі тәсілдерді енгізіп келеді. Біз облыстық Әділет департаментімен бірлесіп, заңгерлерді, адвокаттарды, медиаторлар мен нотариустарды, сондай-ақ түрлі сала мамандарын тарта отырып, тұрғындардың нақты құқықтық мәселелерін шешуге тұрақты түрде жәрдем беріп келеміз. Өткен жылы ғана «Құқықтық көмек» жобасы аясында 107 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 787 тұрғынның өтініші қаралды. Соның ішінде 513 мәселе оң шешімін тауып, 274 азаматқа құқықтық кеңес берілді. Әрбір өтініш хаттамаға енгізіліп, партия тарапынан тұрақты бақылауға алынады.

Қабылдау барысында тұрғындар жер учаскесіне кезекке тұру және оның жай-күйі, микрокредит пен займдардан бас тарту немесе бұғаттау жолдары, салық заңнамасындағы өзгерістер, алимент пен қарыз өндіру, несиеге қатысты мәселелерді көтерді. Сонымен қатар ескі тұрғын үйлерді бұзу, қайта жаңғырту бойынша да сұрақтар қойылды.

Түркістан қаласының бір топ тұрғыны тұрғын үй кезегіне байланысты туындаған түсініспеушіліктер бойынша өтініш білдірді. Бұл мәселеге қатысты Түркістан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» басшысының орынбасары Динара Жіпсібаева тұрғын үй кезегіндегі соңғы заңнамалық өзгерістерді түсіндіріп, баспана алудың нақты мүмкіндіктері жөнінде толық ақпарат берді.

Сондай-ақ қабылдауға келген қала тұрғыны Бибігүл Асқарбаева үйіне орнатылған сапасыз су сүзгісіне байланысты ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған мәселесін көтерді. Қабылдау барысында оған тиісті сала мамандары тарапынан нақты құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«AMANAT» партиясы үшін әрбір азаматтың мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс маңызды мәселе. Қоғамдық қабылдау барысында көтерілген барлық өтініштер мен ұсыныстар партияның тұрақты бақылауында болады және олардың заңды әрі әділ шешілуі үшін тиісті жұмыстар жалғасын табады.

Ғалымжан Елшібай,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

АДАМИ КАПИТАЛ МЕН ИННОВАЦИЯ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ
Қазақстанда 30 миллиард теңгенің субсидиясы ұрланған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу