Желіде жұмыс істегенше, бала туып, жәрдемақысымен күн көрген дұрыс екенін айтқан әйел сынға қалды

Oinet.kz 13-04-2026

Әлеуметтік желілерде бір әйелдің «жұмыс істегеннен гөрі бала туып, жәрдемақы алған тиімді» деген пікірі кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz.

Screenshot_1.png

Бейнежазбада хиджаб киген әйел сұлулық салонында еден жуушы болып жұмыс істеуді құптамайтынын айтады. Оның сөзінше, мұндай орындарда қызметкерлерге тиісті деңгейде құрмет көрсетілмейді. Сондықтан ол ауыр еңбекке жегілгеннен гөрі, үйде отырып мемлекеттен берілетін жәрдемақымен күн көруді оңайырақ деп санайды.

«Кедейлер не себепті бала туа беретінін мойындады-ау”, “5 баланы 70 мыңға қалай асырағалы жатсыз?”, “адамның еңбегі туралы бұлай айтпаған дұрыс», – дейді ол.

Аталған пікір желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды. Кейбіреулер бұл сөздің астарында еңбек жағдайының төмендігі мен жұмысшылар құқығының әлсіз қорғалуы жатқанын алға тартты.

Алайда басым бөлігі мұндай көзқараспен келіспейтінін білдірді. Олар тек жәрдемақыға сенім арту дұрыс емес екенін, баланың болашағы үшін тұрақты табыс пен жауапкершілік қажет екенін атап өтті.

"Білімі жетіспейді, олар шынымен солай ойлайды. Және оларды райынан қайтара алмайсың", "Тек балаларыңа оларды ақша үшін ғана туғаныңды айтып қойма", "Мұндайларға көбейюдің қажеті жоқ екенін айтыңдаршы, "Ислам базасы", "Неткен сұмдық! Не деген ойлау?" деген секілді сыни көзқарастар жиі айтылды.

Министрлік мектеп бітіру кешіне қатысты қатаң мәлімдеме жасады
ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТЕРІ НАСИХАТТАЛДЫ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу