Мемлекеттен әлеуметтік көмек алған көпбалалы аналар жәрдемақыны толығымен қайтаруға мәжбүр

Oinet.kz 04-09-2019 1111

Атаулы көмек алған көпбалалы аналардан алған жәрдемақыны толығымен қайтаруды талап етуде

Ақмолада атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген көпбалалы аналардан кірістерін дұрыс көрсетпегені үшін жәрдемақыны толығымен қайтаруды талап етті. Алайда, олар берілген ақшаны құрылысқа,балалардың оқуына, несиелеріне жұмсалып кеткенін айтып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы

«Одан да ешқандай ақша бермегені жақсы еді. Заңды шенеуіктер ойлап тапты, олар құжаттар жинады. Енді олар «өзіңіз кінәлісіз» дейді. Олар мені кірісті жасырды дейді. Бірақ мен ештеңе жасырған жоқпын. Қаңтарда күйеуім жұмысқа кетті, біз оның ақшасын алдық. Қазір ол бес баланы бағып отыр. Егер олар мұны көрмеген болса, мен кәнілімін бе?», - дейді Қоянды аулының тұрғыны Уәзипа Баймұханова.

Жұмыстан босатылған ер адамға 60 мың теңге көлемінде өтемақы берілген. Осы себептен, отбасының кірісі әлеуметтік көмек алу үшін қажетті мөлшерден асып кетті деп отыр. Енді мұнда жиналған көпбалалы аналардың барлығы бірнеше айдан соң, мемлекетке 200-ден 600 мың теңгеге дейін алған атаулы көмекті қайтаруы қажет. 

Жәрдемақы алған аналардың айтуы бойынша бұл дауға себеп "жаңа база". 

"Сәуір айыннан бастап, "Ехалық" деген базаны енгізді.Одан кейін еңбек нарығы деген база бар. Сәуірде база дұрыс істемеген. ИП-сы барларды да көрмегенбіз. Бұл қателік кімнен кетті, ол жағын айта алмаймыз", - дейді Целиноград аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Динара Омарова.

Толық қайтармаған жағдайда шенеуіктер мәселені сот бойынша қарайтынын ескертті.

«Фариза» пьесасы М.Әуезов театрында сахналанбақ
Ұлық ұлыстың атасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу