Алматы әкімшілігінің алдына жиналған бір топ адамның шағымы қандай?

Oinet.kz 04-09-2019 1195

image.png

Алматы қаласы әкімшілігінің алдына бүгін таңертең бірнеше адам жиналды. Жиналғандардың уәжі «тағы» сол Маңғыстау облысындағы әлдебір қытай кәсіпорындарының ашылмауы болды.

Әкімшілік алдына жиналғандар қатарындағы әйел «Бізге ешқандай қытай зауытының қажеті жоқ. Қандастарымызға бауырларымызға жұмыс қажет.» деген шағымын айтты. 

Тағы бір алматылық «Біз өз эканомикамызды өзіміз көтеруге қауқарлымыз, ол үшін ешқандай қытайлық зауыт ашып керек емес.» ,- деп өз ойын айтты.

image.png

Жиналған ондаған адамға қала басшысының орынбасары Сапарбек Тұяқбаев шығып, оларды алдымен сабырға шақырды.

«Бұл зауыттардың жұмыс жасап жатқанына біршама уақыт болды. Ел арасында «экологияны бұзатын ескі зауыттар әкелініп, онда тек қытайлықтар жұмыс жасайды екен» деген қауесек таралып жүр. Дегенмен  біздің өз заңымыз бар, біз айтылғандарға жол бермейміз. Әңгіме зауыттарда болып тұр. Кейбір зауыттар қазірдің өзінде жұмыс жасап отыр.» ,- деді Тұяқбаев.

Оның айтуынша, зауыттар жалғыз Қытайдың кәсіпорындары емес. Ол зауыттар екі елге ортақ. Кейде белгілі бір бизнесмен өз бизнесін бастау үшін қытайлық инвесторларды таңдайтын кезі болатынын, ал кейбір зауыттар 50-50 екендігін айтты.

Қазақстандық азаматтар Біріккен Араб Әмірлігінде ішімдік ішіп, шу шығарды
Елбасы электрондық кітапхана құруды ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу