Аймағамбетов: «Президент айтқандай ағылшын тілін екінші, үшінші сыныптардан бастау қажет»

Oinet.kz 04-09-2019 896

Картинки по запросу асхат аймағамбетов білім министрі

Қазақ тілі латын әліпбиімен, ағылшын тілі латын графикасымен, ал орыс тілі кириллицамен жазылса, «алты жасар Алпамысқа» қиын түспей ме?

Бұл жөнінде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz ақпаратты порталына берген сұхбатында былай деп мәлімдеді:

«Президент айтқандай ағылшын тілін екінші, үшінші сыныптардан немесе ата-анасының таңдауымен бесінші сыныптан бастауы қажет. Әрине, балаға бірінші сыныпқа бара салып үш тілдің үш түрлі жазылуына үйреніп кету ауыр болады. Осы мәселені президент тамыз айында өткен жиында нақты айтып өткен болатын. Мен мұны өте маңызды және қажетті шешім деп білемін. Ал физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде өткізу мәселесіне келсек, қазір біз жұмыс жасап жатқан мұғалімдерді жаңа деңгейге көтеруге баса мән беріп отырмыз. Әрі қарай оларды бақылап, бағыттап, тіл меңгерулеріне ықпал жасаймыз.»

Аймағамбетов жоспарды жүзеге асыру мақсатында белгілі бір пәндерді ағылшын тілінде жүргізетін мұғалімдердің негізгі тобын жоғарғы оқу орындарынан алуды көздеп отырғандықтарын айтты. Тап ендігі бітірушілер төрт жыл ағылшын тілінде жеке пәндерді меңгеруі қажет болған арнайы грант иегерлері болмақ. Олар жуырда оқуын тәмәмдайды. Ал жүйеге ауысу әр мектептердің дайындықтарына, ұмтылысына және мүмкіндігіне байланысты екен.

Айта кетейік, Асхат Аймағамбетов биылғы жылдың 13 маусымында президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР Білім және ғылым министрі болып  тағайындалған болатын.


Жаңаөзенге жаңа әкім тағайындалды
Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі - 31982 теңге
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу