Олжас Сүлейменов: «Қазіргі әдебиетіміздің деңгейі нөлге тең»

Oinet.kz 04-09-2019 1248

 Олжас Сүлейменов жазушылардың жазған еңбектері еленуі үшін қандай мәселелерге тап болатынын айтты. Қазіргі таңда, ғылымның деңгейі күрт төмендеп, ал әдебиет соңғы 30-40 жылда неліктен нөлмен бағаланып жүргенін айтты, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі.

«Турасын айтқанда, ғылым саласы соңғы 30-40 жылда ТМД елдерінде күрт төмендеп кетті. Ал, әдебиетіміз тіптен нөл. Себебі, әдебиетті қатардағы нарықтық тауар деп қабылдайды. Өнердің мен әдебиет өркендемесе, экономика да құлдырайды. Олар бір-бірімен тікелей байланысты. Мен 60-жылдардың адамымын. Совет үкіметі кезінде 60-70 жылдары әдебиет пен өнер үшін бақытты, табысты жылдар еді. Керемет кітаптар, мәнді, мағыналы фильмдер шығып отырды. Сол кезде экономика  жалпы ұлттық өнімге 8-9% үлесін қосып отырған болатын», - деп пікір білдірді Олжас Сүлейменов Азия елдерінің жазушылар форумында.

Әдебиет адамдарды ақылды етіп тәрбиелейді, ал ақылды адамдар экономиканы басқарады дегенді қосып өтті. Сондықтан әдебиет пен  экономика тығыз байланыста.

«Қуанатыным, біздің мемлекет қазір бізді түсініп келе жатыр. Осымен екінші мәрте жиналып отырмыз. Әдебиеттің өтімділігі артады деген сенімдемін. Қазір нақтысын білмеймін, бірақ бір жылдары әдебиетші өзінің туындысын өткізу үшін міндетті түрде спонсор табу керек болатын», - деді жазушы

Жазушы Олжас Сүлейменов бір жылдары досы Сәбит Досановтың өзінен көмек сұрағанын еске түсірді. Кезекті туындысына арналған қаражатты досына беріп, С. Досановтың еңбегіне демеуші болған екен.

«Қазір Сәбиттің жиені отбасын құрып, Елбасымен туыс болып отыр. Ол енді демеуші іздемей, еңбектеніп, түрлі туындыларын жарыққа шығара алады. Мұндай сәтті кездер аз. Ал қалған 700 жазушы не істейді? Олардың жағдайын мемлекет қарастыру қажет», - деп пікір білдірді жазушы.

Олжас Сүлейменов сөз соңында: «Түбінде мықтылар емес, ақылдылар басқарады», деп Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзін мысалға келтірді. 


Білім министрі 915 мың теңге жалақы алатынын айтты
Қарағанды облысында 5 жыл құлдықта болған азамат табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу