Қарағанды облысында 5 жыл құлдықта болған азамат табылды

Oinet.kz 04-09-2019 853

Screenshot_6.jpg

 Қарағанды облысында  ер адамды 5 жыл бойы заңсыз ұстаған деген дерек  бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 Аталған іс полиция департаменті мен ішкі істер министрлігінің бақылауына алынған. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, құлдықта болған ер адам 2012 жылы әйелімен ұрысып қалғаннан кейін үйінен кетіп қалыпты. Артынша ол ішімдікке әуестеніп, із-түзсіз жоғалып кеткен.   Жоғалған азаматты іздеген отбасы Майқұдық ауданынан тауып алды.  2019 жылдың 27 тамызында оларға WhatsApp арқылы туысының Жаңаарқа ауданындағы шаруа қожалығында жұмыс істеп жүргені туралы хабарлама келген. Мұны білген ағасы полицияға жүгініп, 3 қыркүйекте аталған мекенжайға аттанады. 

 «Жаңаарқа аудандық полиция бөлімшесінің кезекшілік бөліміне 34 жастағы ер адамнан хабарлама түсті. Ол Жаңаарқа ауданындағы қыстаулардың бірінде 51 жастағы ер адамды 2015 жылдың тамызынан бері заңсыз ұстап отырғанын айтты. Өз кезегінде аталған қыстаудың иесі 2017 жылы мамыр айының басында 51 жастағы ер адамның тамақ сұрап келіп, артынша жұмыс істеуге қалғанын түсіндірді. Әңгіме барысында соңғысы есін жоғалтқанын айтты. Ер адамның сөзінше, ол жұмыс істеуге өз еркімен келген. Алайда артынша жібермей, қыстауда ұстады деп отыр», - дейді істі жүргізушілер.

Оқиғаға қатысты ҚР ҚК 126-бабы 1-тармағына (Заңсыз бас бостандығынан айыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Олжас Сүлейменов: «Қазіргі әдебиетіміздің деңгейі нөлге тең»
Президент зейнетақы қорындағы ақшаларды алуға мүмкіндік берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу