Хабиб UFC рекордын жаңартты

Oinet.kz 09-09-2019 751

large.jpg

Хабиб Нұрмағамедов американдық қарсыласы Дастин Порьемен болған жекпе-жекте UFC жаңа рекордын орнатты, деп жазады "Чемпионат".

7 қыркүйек күні ресейлік күрескер американдық қарсыласын жеңіп, 6 млн доллардан астам қаражатқа ие болды.

Хабибтің негізгі кепілді төлем сомасы дәл 6 млн долларды құрайды, тағы 50 мың доллар кештің үздік көрсетілімі үшін, қосымша 40 мың дағыстандыққа медиакешке қатысқандығы үшін төленеді.

Оның үстіне, ақылы трансляция сатқаны үшін де қосымша қаражат алады. Алайда, әзірге қанша екені белгісіз.

Осылайша, Нұрмағамедов UFC рекордын орнатты. Бұған дейін UFC-де 6 млн кепілді қаламақы әлі ешкім алмаған.


Бойжеткенді жабылып зорлаған 14 еркек бостандықта жүр
Ақтауда рулас 15 жасар қыз бен жігіт отау көтерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу