79 жасында нәрестелі болды

Oinet.kz 16-09-2019 1017

Screenshot_4.jpg

Ресейдің халық әртісі, театр және кино актері 79 жастағы Эммануил Виторган қызды болды, деп хабарлайды Sputnik.kz-ге сілтеме берген Oinet.kz.

Бұл туралы актер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Тағы бір қызымыз дүниеге келді. Анамның құрметіне Клара деп қойдық", - деп жазған актер.

Өткен жылы Эммануил Виторган мен 56 жастағы келіншегі Ириной Млодиктің тұңғышы – Этель есімді қыз дүниеге келген еді. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Ирина баланы өзі көтергенін айтқан, бірақ оны екіқабат күйінде ешкім көрмеген. Екінші баланы да суррогат ана туды деген болжам бар, өйткені жуырда ғана ерлі-зайыптыны Юрмаладағы фестивальде көрген.

79 жастағы Эммануил Виторганның бұған дейінгі екі әйелінен бір қызы мен ұлы бар. Ол 5 немере мен екі шөбере тәрбиелеп отыр.


Шымкентте 14 жасар балаға іздеу салынады
Сиви Махмуди «хайп» жасау үшін жол апатына түсті ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу